Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Жарлығымен ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылды

12 маусым 2019, 18:31

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы 20) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) құрылсын.

2. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі бір айлық мерзімде:

    1) саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар көшбасшыларымен, азаматтық сектор өкілдерімен Кеңесті қалыптастыру және оның жұмыс тәртібі мәселелері бойынша консультациялар өткізсін;

    2) өткізілген консультациялар қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына Кеңестің құрамы мен Кеңес туралы ережені енгізсін.

 3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енеді», — делінген Жарлық мәтінінде.


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз