Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Асқар Мамин жаңа ҚР білім және ғылым министрін таныстырды

13 маусым 2019, 12:24
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұжымына жаңа министр Асхат Аймағамбетовты таныстырды.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР білім және ғылым министрі лауазымынан босатылды.

Асқар Мамин К. Шәмшидиноваға жемісті жұмысы үшін алғыс білдіріп, жаңа орында сәттілік тіледі.  

«Күләш Ноғатайқызы тәжірибесі мол басшы. Министр қызметінде қарқынды жұмыс істеп, еліміздің білім беру саласының дамуына елеулі үлес қосты», — деді ҚР Премьер-Министрі.   

ҚР Үкіметінің басшысы ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұжымына жаңа министрді таныстырды. А. Мамин Асхат Аймағамбетовтың білім беру саласында тиісті білімі мен үлкен тәжірибесі бар екенін атап өтті. Асхат Аймағамбетов түрлі жылдары Қарағанды облысының Білім басқармасының басшысы, білім және ғылым вице-министрі қызметтерін атқарды, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болды.

Премьер-Министр Білім және ғылым министрлігінің алдында ауқымды міндеттер тұрғанын айтты. Бұл – мектепке дейінгі, орта, кәсіптік-техникалық және жоғары білімді жаңғырту, сұранысқа ие заманауи мамандар даярлау, білім және ғылымның сапалы жүйесін дамыту.  


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз