Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Дәрілерді рецепті арқылы босату дәрі-дәрмектерді тиімді қолдануға, өздігінен емделудің алдын-алуға септігін тигізеді — Л. Бюрабекова

13 маусым 2019, 12:11
Фото: primeminister.kz

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова ҚР Үкіметнің баспасөз орталығында өткен брифингте дәрілік препараттарды рецептурамен босатуды бақылау бойынша қабылданып жатқан шаралар турлы айтып берді.

Л. Бюрабекова Қазақстанның дәріханаларында дәрілерді рецептісіз сатудың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа талабы емес екенін, аталған тыйым салудың 15 жылдан астам қолданылып келе жатқанын айтып өтті.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бірінші реттік медициналық-санитарлық көмек деңгейінде пациенттерге рецептілерді уақытылы жазу, емханаларда кезекті реттеу, шағын маманданған мамандардың болуы мәселелерін бақылауға алған.

Фармацевтикалық саладағы департаменттер мен қауымдастықтар мамандары бірінші үстел мамандарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

«Бүгінде елімізде 7748 дәрі атауы тіркелген, олардың ішінде 6 114 дәрі дәрігердің рецептісі бойынша беріледі, 1634-і рецептісіз сатылады», — деді Комитет төрайымы.

Сонымен қатар, DariKz мобильдік қосымшасы арқылы барлық тірлкеген дәрі-дәрмектер, белгіленген шекті бағалар (бұл функция шілде айында іске қосылады), дәріханадан босату шарттары туралы ақпаратты алуға, сондай-ақ қолдану бойынша нұсқаулықпен танысуға болады.

Тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және рецептімен сату туралы ақпарат алу мәселелері бойынша Call-орталығы іске қосылған. Call-орталығына 1439 қысқа нөмірі арқылы қоңырау шалуға болады. Бұл нөмір қалалық телефон үшін де, ұялы телефон үшін де қолжетімді. Қоңыраулар еліміздің кез келген жерінен тегін қабылданады.

«Рецепттер жазу дәрілерді тиімді пайдалануға, өздігінен емделуді болдырмауға және контрафактілі өнімдерді анықтауға мүмкіндік береді», — деді Л. Бюрабекова.

Рецептілерді жазу және дәріханада препаратты алу рәсімдерін жеңілдету үшін 2020 жылдан бастап Министрліктің ақпараттық жүйелерінде толық электрондық форматқа көшу жоспарлануда. «Қағазсыз ауруханаға» көшу шеңберінде жекелеген өңірлер (Қарағанды, Атырау, ШҚО) рецептілерді жазып беру бойынша электрондық форматқа көшті.

ҚР ДСМ ақпаратына сәйкес, рецепт жазып беруге өкілеттігі бар, кез келген практика дәрігерлері, оның ішінде стационарлардың дәрігерлері мен кезек күттірмейтін жедел жәрдем дәрігерлері рецепт жазып бере алады.

«Рецепт бірден үш айлық емделу курсына жазылып беріле алады және ол 3 ай ішінде жарамды болады», — деп түсіндірді Л. Бюрабекова.

Л. Бюрабекова.дәріні, дозаны, енгізу нысанын, емдеу ұзақтығын өздігінен таңдау кезіндегі қателесу мүмкіндігі 80%-ға жететінін атап өтті.

«Дәрілік заттарды тиімсіз қолдану және өздігінен емделу салдарының ауқымы қауіпті – бұл ең алдымен дәрігерге уақтылы жүгінбеу, аурулардың асқыну қаупінің және улану, тәуелділіктің дамуы, организмнің қандай да бір препаратқа сезімталдылығының төмендеуі сияқты медициналық препараттардың жанама әсерлерінің жоғары тәуекелі және т.б.», — деді спикер.

Мысалы, антибиотиктерді тиімсіз қолданған кезде олар аллергиялық реакциялардың, бронх демікпесінің ауыр түрлерінің, жүрек, бүйрек, бауырдың күрделі ауруларының, балаларда туа біткен ақауларының себепшісі болуы мүмкін. Сонымен қатар, антиботиктерді бақылаусыз қолдану оларға микроорганизмдер төзімділігінің жылдам пайда болуына алып келеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл тенденцияны жаһандық проблема ретінде бағалап отыр, ол антибиотиктерді дұрыс тағайындау мен пайдалануды қоса алғанда, елеулі шаралар қабылдауды қажет етеді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұрмаланған фармацевтикалық өнімдердің таралуын болдырмау бойынша оң өзгерістер жасады. Л. Бюрабекова атап өткендей, дәрі-дәрмектердің айналымы саласындағы мемлекеттік орган мамандары рейдтік тексерістер жасап жатқанын, бұрмаланған дәрілік заттарды тарату көздері анықталып, олардың сатылуына жол бермеу шаралары қабылданып жатыр.


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз