Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

А. Маминнің Ашхабадта ТМД Үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысу қорытындысы бойынша видеодайджест

03 маусым 2019, 10:30
Фото, бейне: primeminister.kz

31 мамыр күні Ашхабад қаласында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхамедовпен кездесті, сондай-ақ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Үкіметтер басшылары кеңесінің отырысына қатысты.

  • Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхамедовпен кездесуде сауда-экономикалық қатынастардың барлық бағыттары бойынша қазақстандық-түрікменстандық ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Келіссөздер барысында энергетика, ғарыш, ауыл шаруашылығы салаларындағы, әскери-өнеркәсіптік кешен, көлік-транзит дәліздерін дамытудағы өзара іс-қимыл келешегі аталып өтті. 

  • Шағын құрамда делегациялар басшылары ТМД-дағы экономикалық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасып, ұйымдастырушылық сипаттағы бірқатар мәселелерді шешті.

  • Кеңейтілген құрамдағы отырыстың басты тақырыптары инновациялық ынтымақтастықты дамыту, зияткерлік меншік нысандарының құқығын қорғау, көлік-логистикалық және туристік салаларда өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру, цифрлық экономиканы дамыту, ғарыш саласында жобаларды іске асыру болды.

  • ТМД Үкіметтері басшыларының кеңесі отырысының қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылды.


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз