Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №12

20 мамыр 2019, 09:00
Фото, бейне: primeminister.kz

2019 жылғы 13–18 мамыр аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • Биылғы 16 мамырда ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың қатысуымен ХII Астана экономикалық форумының «Шабыттандыруды өсім: адамдар, қалалар, экономикалар» тақырыбындағы пленарлық отырысы өтті. Шараға сонымен қатар Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев, ҚР Премьер-Министрі А. Мамин қатысты.

  • АЭФ аясында ҚР Үкіметінің басшысы ХВҚ Өкімші-директоры К. Лагардпен кездесті. Тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

  • Экономикалық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылау жоғарғы деңгейдегі дөңгелек үстел барысында жалғасын тапты, оған Орталық Азия және Қиыр Шығыс елдерінің орталық банктерінің және қаржы министрліктерінің басшылары қатысты.

  • Астана Хаб алаңында Премьер-Министрдің төрағалығымен «Тұрақты әлеуметтік дамуға жету жолындағы цифрландыру» тақырыбында Халықаралық сарапшылар кеңесінің VII отырысы өтті, онда экономиканың әртүрлі секторларында цифрлық технологияларды әрі қарай интеграциялау мәселелері талқыланды.

  • Жетекші әлемдік сарапшылармен экономикалық дамудың негізгі беталыстары туралы пікірталас еркін форматта өтті.  

  • Форумның екінші күні, 17 мамырда ҚР Премьер-Министрі БҰҰ бас хатшысының Орынбасары, АТМЭӘК Атқарушы директоры А. С.  Алишахбанамен кездесті. Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу, интеграциялық процестерді кеңейту бойынша шаралар қаралды.

  • Одан әрі экономикалық өсім және әлеуметтік даму процестерін талқылау Тұрақты даму саласындағы мақсаттар жөніндегі бірінші қазақстандық форум барысында жалғасын тапты.

  • А. Мамин екіжақты форматта Литва Республикасының бұрынғы Премьер-Министрі А. Буткявичюспен келіссөздер өткізді, онда экономика саласындағы ғаламдық өзгерістер мен сауда саласындағы жаңа беталыстардың өзекті мәселелері талқыланды. Экономикалық өсім драйвері ретінде өнеркәсіптік өндіріске назар аударылды.

  • Дәл осы күні ҚР Премьер-Министрі АЭФ-2019 аясында өтіп жатқан Түркі іскерлік кеңесінің отырысында Түркі Сауда-өнеркәсіптік палатасының жарғысына қол қою рәсіміне қатысты.

  • Сонымен қатар, А. Мамин III Kazakhstan Global Investment Roundtable пленарлық сессиясында сөз сөйледі, онда әлемнің 41 елінен 600-ге жуық шетелдік қатысушы бас қосты. Сессия тақырыбы инвестициялық әлеуетті дамыту, бәсекеге қабілеттілікті арттыру, қаржы нарықтарын кеңейту мәселелеріне арналды.

  • Басқарушы директоры М. Хармстың жетекшілігімен Германия экономикасының шығыс комитетінің делегациясымен кездесуде сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды одан әрі дамыту  перспективалары талқыланды.

  • Банк саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту бағыттары CITIC Bank директорлар кеңесінің төрағасы Л. Цинпинмен келіссөздер тақырыбы болды.

  • Punjab National Bank үнді банкінің төрағасы мен басқарушы директоры С. Мехтамен әңгімелесуде экономиканың одан әрі өсуі үшін қажетті қаржы секторындағы қазіргі әлемдік беталыстарды дамыту мәселелеріне көңіл бөлінді.

  • Еуропалық қайта құру және даму банкінің вице-президенті А. Пиюмен келіссөздер бірлескен жобаларды іске асыруға арналды.

  • Азия даму банкінің вице-президенті Ш. Ченмен кездесуде 2017–2021 жылдарға арналған Серіктестік туралы елдік стратегияны іске асыру аясындағы қазіргі ынтымақтастық мәселелері қаралды.

  • ҚР Премьер-Министрінің Nokia корпорациясының Директорлар кеңесінің төрағасы Р.  Сииласмаамен кездесуі барысында цифрландыруды дамытудың қазіргі беталыстары талқыланып, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында бірлескен жобаларды іске асыру перспективалары қаралды.

  • АЭФ аясында 15 мамырда А. Мамин Грузияның Премьер-Министрі М. Бахтадземен келіссөздер жүргізді. Қазақстан мен Грузия арасындағы сауда-экономикалық өзара іс-қимылды одан әрі біртіндеп дамыту мәселелері талқыланды.

  • Қытайдың Коммунистік партиясының Орталық комитетінің Саяси бюросының Тұрақты комитетінің мүшесі, Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік кеңесінің Премьерінің Орынбасары Х. Чжэнмен кездесу барысында екіжақты экономикалық қарым-қатынастарды, шекара маңы ынтымақтастығын дамыту талқылана отырып,  «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығын дамыту қарқынына да ерекше көңіл бөлінді.

  • Сейсенбі күні Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Биылғы қаңтар–сәуірдегі әлеуметтік-экономикалық даму мен республикалық бюджеттің орындалу қорытындылары шығарылып, электронды сауданы дамыту мәселелері қаралды.


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз