Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №13

27 мамыр 2019, 17:00
Фото, бейне: primeminister.kz

2019 жылғы 20–26 мамыр аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • 22 мамырда ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқару жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Жиынға Премьер-Министр А. Мамин, Президент Әкімшілігінің Басшысы Б. Сағынтаев, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы А. Есімов, «Самұрық-Қазына» АҚ тәуелсіз директоры Р. Эванс, Тұңғыш Президенттің көмекшісі Д. Ақышев, Қордың ұлттық компанияларының басшылары және басқарма мүшелері қатысты.

  • Дүйсенбі күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

  • 24 мамырда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысы өтті.

  • Сейсенбі күні Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды дамыту, каникул кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және іспен шұғылдануын ұйымдастыру мәселелері қаралды.

  • 20 мамырда ҚР Үкіметінің басшысы Нұр-Сұлтан қаласына ХІІ Астана экономикалық форумына қатысу үшін келген Армения Республикасының Президенті Армен Саркисянмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелері жөнінде келіссөздер жүргізді.

  • Сейсенбі күні, 21 мамырда ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қазақстанда «бесінші буынның» байланыс желісін енгізу мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

  • Жұма күні Ауыл шаруашылығы министрлігінде ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен селекторлық режимде көктемгі-егіс жұмыстарына дайындық барысы туралы кеңес өтті.

  • 26 мамырда А. Мамин елорданы жұмыс барысымен аралады, онда Нұр-Сұлтан қаласының Оңтүстік–Батыс жаңа айналма автомагистралінің және ЖРТ желісі учаскесінің құрылысын тексерді.


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз