Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №14

03 маусым 2019, 10:00
Фото, бейне: primeminister.kz

2019 жылғы 27 мамыр мен 1 маусым аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • 29 мамырда ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаев пен ҚР Президенті Қ. Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын және кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты.

  • Сейсенбі күні Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің төрағалығымен Үкімет  отырысы өтті. Техникалық және кәсіптік білім беру мәселелері, «Қарапайым заттар экономикасы» және шикізаттық емес экспортты жылжыту мәселелері қаралды, Қызылорда облысын дамытудың кешенді жоспары мен Қызылорда қаласының бас жоспары бекітілді.

  • 27 мамырда ҚР Үкіметі басшысының төрағалығымен Қызылорда қаласының бас жоспарына өзгерістер енгізу жөніндегі презентация өтті. 

  • Сейсенбі күні, 28 мамырда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Үкімет үйінде Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Тацухико Касаиды қабылдады. Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

  • Сол күні, ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қазақстандағы «ExxonMobil» басқарушы директоры Динеш Сивасамбумен кездесу өткізді. Кездесу барысында мұнай-газ саласында, соның ішінде Теңіз және Қашаған кен орындарын игеру жөніндегі бірлескен жобаларды іске асыру аясындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары мен өзекті мәселелері талқыланды.

  • Сәрсенбі күні Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) Кеңесінің отырысы өтті. Еуразиялық даму банкінің Кеңесі ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминді Кеңестің Төрағасы ретінде сайлады.

  • 30-31 мамырда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Ашхабадта Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхамедовпен кездесу өткізді және ТМД Үкіметтерінің басшылары кеңесінің шағын және кеңейтілген құрамдағы отырыстарына қатысты.

  • Жұма күні, 31 мамырда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барып, онда ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алға қойған міндеттердің жүзеге асырылуымен және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы сәуір айында жұмыс сапары барысында өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша берген тапсырмаларының орындалуымен танысты. А. Мамин өңір активінің қатысуымен жұмыс кеңесін өткізді, Каспий теңізінің жағалауында жаңа жоба салынатын жерде тас салу рәсіміне қатысты. Сонымен қатар, ҚР Үкіметінің басшысына «Ақтау теңіз порты» АЭА аймағында метанол мен олефин өндіру зауытын салу жоспарлары таныстырылды.

  • 1 маусымда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Беларусь Республикасының Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Александр Турчинмен келіссөздер өткізді. 


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз